Елордалық жастар астаналықтарды «Астана» – «АПОЭЛ» қарымта мачты жаппай тамашалауға шақырады

Астана. 21 тамыз. ҚазТАГ – Елордалық жастар «Астана» – «АПОЭЛ» қарымта мачтың трансляциясын жаппай көру арқылы барлық жанкүйерлерді «Біздікілерді қолда! «Астананы» қолда!» акциясына қатысуға шақырады, деп мәлім етті Астана әкімшілігінің ішкі саясат басқармасынан.  
«Қарымта матчт 26 тамызда Никосияда өтеді. Өкінішке қарай, жанкүйерлердің көбі ол матчтқа бара алмайды. Біз өзіміздің сүйікті командамызды сол матчтың трансляциясын теледидардан жаппай көру арқылы қолдамақшымыз», - делінген жұма күні қалалық ішкі саясат бөлімі таратқан хабарда, жастардың сөзіне сілтемелеп.
Отандық команданы қолдау мақсатында жастар барлық жанкүйерлер мен елорда тұрғындарын «Біздікілерді қолда! «Астананы» қолда!» акциясына қатысуға шақырады.
Хабарда айтылғандай, онлайн-трансляция Астанада «ҚазМедиаЦентр» ғимаратында 27 тамызда 00.45 сағатта көрсетіледі.
Еске салсақ, УЕФА-ның Чемпиондар лигасының плей-оффының іріктеу раундында елордалық «Астананың» кипрлық «АПОЭЛ» клубымен бірінші матчты 18 тамыызда Астанада өтіп, онда елордалық команда 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

adimage