Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Елорданың екі автовокзалы күн сайын 100 рейске қызмет көрсетеді, деп мәлім етті «Астананың автомобиль жолдары және автомобиль көлігін басқару» ММ бастық орынбасары м.а Еділ Сүлейменов.
«Қазіргі уақытта Астана қаласының әкімшілігі EXPO-2017 көрмесін өткізгенге дейін Қостанай мен Қарағанды бағытындағы қалаға кіре беріс жол бойында МЖМС сұлбасымен екі автовокзал құрылысын салу туралы шешім қабылдады: Қарағанды бағытындағы автовокзал Абылай хан д-лы –Қобда к-сінің қиылысында, ауданы 4,48 га болатын жер телімінде болады, құрылыс ауданы 5 942,20 шаршы метр, учаскенің өткізгіштік қабылеті - тәулігіне 4500 адам, автобустар тұратын жер 32 автобусқа есептелген, күніне қызмет көрсетілетін маршруттар саны - 100 маршрут», - деді Е. Сүлейменов ҚазТАГ агенттігінің салған сауалына берген жауабында.
Қостанай бағытындағы екінші жаңа автовокзал Тілендиев д-лы –Бейсекова к-нің қиылысы жағында ауданы 3,3408 га болатын жер телімінде, құрылыс ауданы 5 942,20 шаршы метр жерде орналасатын болады. Автовокзалдың өткізгіштік қабілеті тәулігіне 4,5 мың адам, автобус тұрақтары 32 автобусқа есептелген, күніне қызмет көрсетілетін маршруттар -100.
«Құрылысты 2015 жылдың үшінші тоқсанында, концессионерлермен қол қойылған соң, бастау жоспарлануда», - деді ол.
Оның айтуынша, қазір автовокзалды салудың технико-экономикалық негіздемесі жасалды, оған «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды.
Жоба бойынша, вокзалдың әрқайсысында жеңіл автокөлік үшін 150 көлікке есептелген автотұрақ қарастырылған.
«Автотұрақ ақылы және оның бағасын инвестор өзі анықтайды», - деді Е. Сүлейменов
Оның айтуынша, халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде қазір темір жол вокзалының маңындағы елордалық автовокзал қосалқы автовокзал ретінде қызмет атқарады да, көрмеден кейін қала маңына тасымалдау қызметін көрсететін автовозал мәртебесінде қалады.
«Қарағанды бағытындағы автовокзалдан еліміздің оңтүстік және орталық облыстары бағытына қызмет көрсетіледі, ал Қостанай бағытындағы автовокзал солтүстік, батыс, және шығыс бағыттағы облыстарға қызмет көрсетеді», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Ақмола облысында 25 тонна бидай ұрлаған4 Қазан 2023, 18:58
-
Павлодар облысында екі адам газға уланып, қайтыс болды4 Қазан 2023, 18:49
-
Астанада жаңадан салынған ғимарат өртенді4 Қазан 2023, 18:24
-
Ақтөбеде жол апаты салдарынан 9-сынып оқушысы ауыр халде ауруханаға түсті4 Қазан 2023, 16:59