Енді 10-15 жылдан соң Қазақстанға жыл сайын 96 млн Қытай саяхатшылары келетін болады

Күні: 11:38, 22-10-2014.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Куба Туратбеков. Енді 10-15 жылдан соң Қазақстанға жыл сайын 96 млн Қытай саяхатшылары келетін болады, деп мәлім етті Қазақстан туристік қауымдастық президенті Роза Асанбаева.
«Егер әлем картасына қарайтын болсақ, онда Қазақстан төңірегінде шамамен 200 млн саяхатшы бар. Енді 10-15 жылдан соң Қазақстан төңірегінде тез қарқынмен дамып келе жатқан Ресей сынды нарық дамитын болады. Кейбір зерттеулер мәліметтерінше, сол кезге қарай олардан Қазақстанға 58 млн сапар жасалады, Қытайдан 96 млн, Таяу Шығыстан - 43 млн, Үндістаннан – 46 млн сапар жасалады екен. Осылардың барлығы Қазақстанның төңірегіндегі туристік мүмкіндік, және оны пайдаланбасақ, біздің ұрпаққа кешірілмес күнә болады», - деді Роза Асанбаева сәрсенбі күнгі конференцияда.
«Осындай жағдайда біздің транзиттік көрсеткіштеріміз азиялық нарықта өте жақсы болады», - деп ол атап көрсетті.
Оның айтуынша, «биылғы мамыр айында үкімет туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдады».
«Қазір біз сол қаулыны іске асыру үшін «Бизнестің жол картасын» жасадық, оған 4 негізгі блок кірді, бұл блоктарсыз сапалы саяхат жасау мүмкін емес. Олар құқықтық базаны жақсарту, инфрақұрылым, белсенді және агрессивті елдік маркетингі», - деді Р. Асанбаева.


Жаңалықтармен бөлісу: