Энергомин 2019 жылға Қазақстанда мұнай өндірісі болжамын арттырды

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Энергетика министрлігі 2019 жылға Қазақстандағы мұнай өндірісі болжамын арттырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өндіріс қарқынын ескере отырып, министрлік елдегі өндірістің жылдық болжамын 90,5 млн тоннаға дейін арттырды», - деп хабарлады энергомині баспасөз қызметінің басшысы Нұрлыбек Жеңісбек дүйсенбіде.
Болжалды көрсеткіш 2018 жылғы 90,4 млн тонна көлемінде болған өндірістің нақты көлемінен жоғары болуы керек.

adimage