Энергомині Қазақстандағы қоқысты өңдеуші компанияларға басымдық бермек

Күні: 19:02, 01-03-2019.

Астана, 1 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның энергетика министрлігі қоқысты өңдеумен айналысатын компанияларға жеңілдіктер мен басымдықтар беруге ниетті, деп мәлімдеді энергоминінің басшысы Қанат Бозымбаев жұма күні Астанадағы үкіметаралық қазақстандық-финдік комиссия отрысында.
«Финляндияда барлық қоқыс түрлерінің 97%-ы қайта өңделеді. Бізде 11,5% - қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және 32% - индустриалды өнеркәсіптік қалдықтар», - деді министр.
Ол мәлімдегендей, «осы салада жұмыс жасайтын компанияларға барынша басымдық беріледі».
«Сол үшін біз биыл экономикалық кодексті өзгерткелі жатырмыз және сол арқылы салық кодексіне де басымдық бермекпіз», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: