Энергомині Теңіздегі жағдай туралы: медпунктке барлығы 45 адам жүгінді

Күні: 15:22, 02-07-2019.

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. Теңізде 29 маусымда орын алған жағдай салдарынан 45 адам медициналық көмекке жүгінген, деп мәлімдеді ҚР бірінші энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов.
«Теңізшевройлдың» (ТШО) расталған ақпарына сәйкес медициналық пунктке 45 адам жүгінген. Олар негізінен CCEP (Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore – ҚазТАГ), компаниясының жұмысшылары, бірақ компанияның басқа да қызметкерлері бар, олар бір ғана ұлт емес, арасында төрт қазақстандық бар», - деп мәлімдеді Досмұхамбетов сейсенбі күні үкімет кулуарында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, зардап шеккен 45 адамның 22-сіне медициналық көмек қажет болды, олар Атырауға жеткізілді.
«Кеше, тіпті оның алдында да кешкісін ауруханада ешкім болған жоқ. Барлығы қажетті көмектерін алды. Ауыр жарақат болған жоқ. Барлығы қажетті алғашқы көмектерін алды және қазір менің білуімше дендері сау», - деді Досмұхамбетов.
Еске сала кетейік, 29 маусымда араптың әлеуметтік желідегі жарияланамы үшін Теңізде 3GI зауытында 1 мыңдай жұмысшы ереуілге шыққан.
Атырау облысы әкімдігінде мәлімдегендей, 29 маусымда шамамен 11.00-де «Теңіз» жұмысшылар кентінде (аталмыш кен орны Атырау қаласынан 340 ш, Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 ш. қашықтықта орналасқан) «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесінде жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тің «WhatsApp» профиліндегі жақында жариялаған суретіне ашуларын білдірген, ол суретте ливиялықтың қолында рациясы бар, ал оның антеннасы қызға қарай бағытталған.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, оқиға орнында уәкілетті органның барлық лауазымды тұлғалары, аудан прокуроры бар, жұмысшылармен кездесу үшін облыс әкімі де ұшып шыққан, ПД, ҰҚКД өкілдері, облыс прокуроры да келген, оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұр.
Кейін белгілі болғандай, энергетика бірінші вице-министрі Досмұхамбетов кешке Атырауға ұшып шықпақ.
Кейін Ливиялық Эли Дауд қазақстандықтар алдында кешірім сұраған видеохабарламасын жариялады. Атырау облысы полиция департаменті «Теңіз» жұмысшылар кентіндегі бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Аталмыш жағдай барысында 30 шақты адамға медициналық көмек көрсетілген, қаза тапқандар жоқ.
1 шілдеде «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)» араптық компанияның бас директоры Кауаш Хишам тәртіпсіздіктің туындауына себеп болған видео үшін кешірім сұрады.
Сол күні «Теңізшевройл» (ТШО) мердігер компания «Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)»-мен ешқандай шартты бұзбағанын жеткізді.


Жаңалықтармен бөлісу: