Энергомині: ТЭЦ-2 жаңғыртылмайынша Нұр-Сұлтанда жылу тапшылығы болады

Астана. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. ТЭЦ-2 жаңғыртылмайынша Нұр-Сұлтанда жылу тапшылығы болады, деп мәлімдеді ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.
«Жылу энергиясы тапшылығын жабу үшін Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың желтоқсанында іске қосу жоспарланған ЖЭО -2 №8 қазанагрегаты мен №6 турбоагрегатын іске қосу қажет. Аталмыш агрегаттар уақытылы іске қосылмаған жағдайда қала жылу энергиясы тапшылығына тап болады», - деді Ноғаев сәрсенбі күні Қазақстан үкіметі отырысында.
Оның айтуынша, қоршаған орта температурасы -27 төмендесе, белгіленген температуралық кестені бұзатын тапшылық туындайды.
«Қала әкімдігіне ЖЭО-1 және ЖЭО-2 бірінші іске қосу кешенінің жұмысын жеделдету керек», - деді Ноғаев.
Сонымен қатар, Түркістан облысында Кентау ЖЭО «Кентау сервис» МҚК жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау үшін қаржыландыру мәселесінің туып тұрғанын атап өтті министр.

adimage