Энергоминінің атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің басшысы ауысты

Күні: 19:13, 01-04-2019.

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Серік Сүлейменов Қазақстанның атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР энергетика министрінің бұйрығымен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Сүлейменов 2013–2015 жылдары «Қызылорда электр таратушы желілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарын атқарған. 2015 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қызылорда облысының әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: