Энтони Эспина «АТФБанкі» басқармасы құрамынан шықты

Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ – «АТФБанк» АҚ басқармасының құрамы өзгерді, делінген KASE сайтында жарияланған хабарда.
Сонымен, директорлар кеңесінің шешімімен «АТФБанк» басқармасының құрамынан басқарма төрағасы Энтони Эспина, басқарма мүшелері - Даниил Соколов пен Гүлнара Балахметова шығарылды.
Сонымен қатар, қаржылық ұйымның басқарма құрамына басқарма төрағасы болып Сергей Коваленко тағайындалған, ал басқарма мүшелері – Антон Ли, Анар Ахимбекова, Ербол Сабырғалиев, Нұркен Досмұхамбетов, Ермек Арғынов.

adimage