Алматы. 30 мамыр. ҚазТАГ – Еуропалық одақ (ЕО) Идлиб сириялық провинциясындағы атысты тоқтатуға шақырды және Ресей, Түркия, Иран мен Сирия Үкіметінен ондағы бейбіт тұрғынды қорғауға шақырды, деп хабарлады Reuters.
«Біз сириялық режим мен Астана процесінің мүшелері өз міндеттерін жедел түрде орындап, азаматтарды қорғауды қамтамасыз етеді деп күтеміз. Әйелдерге, балалар мен азаматтық тұлғаларға тиісу, олардың көшуі және азаматтық инфрақұрылымның бұзылуы ешқандай жағдайда да ақталмайды», - делінген ЕО бас дипломаты Федерик Могерини мен ЕО гуманитарлық көмек бойынша басшысы Христос Стилианидестың Ресейге, Түркия мен Иранға арналған мәлімдмесінде.
Бұл ретте атап өтілгендей, шамамен 3 млн жуық халық тұратын өңірде, оның ішінде көбі Сирияның басқа бөліктерінен қашқандар, соңғы кездері ішінара Ресей мен Түркияның делдалдығы арқасында бітім жасасқан еді. Жақындағы әскери амалдардың басым бөлігі бітімгершілік туралы келісімде анықталған буферлі аймақта орын алған.
Басылым еске салғандай, кем дегенде 180 мың адам Сирияның солтүстік-батысындағы провинциядан зорлық-зомбылық басталғанда қашқан, ол 2011 жылдан бері президент Башар Асадтың үкіметіне қарсы күресіп келе жатқан повстаншылардың соңғы негізгі діңгегі болып табылады. Үкіметтік әскер жүргізген бомбалау салдарынан соңғы үш аптада ондаған адам қаза тапқан. Сириялық үкімет мәлімдегендей, олар тек «Аль-Каидамен» байланысты содырлардың шабуылына жауап берген.
ЕО Ресей, Түркия және Иранды Идлибтегі бейбіт тұрғынды қорғауға шақырды
