Эпиджағдайдың нашарлауы сайлаумен байланысты емес – ҚР денсаулықмині

Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Бибіхан Серікова. Эпиджағдайдың нашарлауы сайлаумен байланысты емес, деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

«Ауру жұқтырғандар саны 15 қаңтардан бастап өсті. Ал сайлау біздің барлығымыздың білуімізше, 10 қаңтарда өтті. Егер инкубациялық кезеңін қарайтын болсақ, бес күн ішінде олай болуы мүмкін емес, яғни оның сайлауға қатысы жоқ», - деді Шоранов сәрсенбідегі брифингте.

Оның айтуынша, бұл жаңа жылдық мерекелер кезінде карантиндік шаралардың сақталмауының салдары.

«Былтыр жыл соңында біз ОКҚ (Орталық коммуникациялар қызметінде – ҚазТАГ) ескерту жасадық. Халыққа жаңа жылдық мерекелер кезінде әлеуметтік қашықтық сақтауды, бетперде киіп, жаңа жылды тек өз отбасымен сақтауға шақырдық. Қазір біздің тап келіп отырғанымыз – сол ережерлерге бағынбаудың салдары», - деді бірінші вице-министр.

adimage