Ерұлан Жамаубаев Қазақстан президенті көмекшісі болып тағайындалды

Күні: 18:33, 29-11-2018.

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Ерұлан Жамаубаев Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», - делінген бейсенбідегі мемлекет басшысының өкімінде.
Мемлекет басшысының басқа  Өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2015 жылдан бастап Е.Жамаубаев Қазақстан президентіні әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық бөлімін басқарған. Бұл қызметке ол сол кезде Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалған Данияр Ақышевтің орнына келген еді.  
Еске салсақ, 20 қарашада ҚазТАГ ХАА   «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесіне Т.Жақсылықовтың кіргенін хабарлаған еді.  


Жаңалықтармен бөлісу: