Ерұлан Жамаубаев: Қазақстанның экономикалық тұрғыда белсенді халқының 17%-ына 2023 жылға қарай ҚТҚЖБ-да қызмет көрсетілмек

Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (ҚТҚЖБ) АҚ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі көбірек төмен пайыздық мөлшерлемелерінің арқасында елде әжептәуір танымал болып келеді. Банк қалай өсуді жоспарлайды және ол өз клиенттеріне қандай жаңа өнімдерді ұсынуға дайын? Осы туралы ҚазТАГ-ге берген сұхбатында ҚТҚЖБ басқарушы директоры Ерұлан Жамаубаев айтып берді. 

- Банк қызметкерлерінің Қазақстан бойынша «Менің Қазақстаным» пойызымен саяхатқа қатысу нәтижесі қаншалықты? 

- Жалпы алғанда «Менің Қазақстаным» пойызы банк өмірі үшін бірегей жоба болды, өйткені пойыз іс жүзінде бүкіл Қазақстанды аралап шықты, және әсіресе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» тікелей филиалы жоқ өңірлерде болып қайтты. Бізде барлық өңірлерде, облыс орталықтарында филиалдар бар – олардың саны 17, бірақ пойыз тап филиал жоқ өңірлерде болды. Пойызды әлдебір үлкен ХҚО-мен (Халыққа қызмет көрсету орталығы – ҚазТАГ), халыққа қызмет көрсету терезесімен салыстыруға болады, онда тек қаржыгерлер, банкирлер ғана шоғырланған жоқ, сонымен бірге меморган өкілдері, дәрігерлер, бизнесмендер, мәдениет қайраткерлері де болды, яғни халық барлық қызметтің спектріне кеңінен қол жеткізе алды. Атап айтқанда, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» де қатысты, себебі біз мемлекеттің банк капиталындағы 100%-дық қатысуымен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы болып табыламыз, сондықтан да бізге халықтың тамыр соғысын, өңірлерде оның қалай тіршілік кешіп жатқанын білу маңызды-ақ. Біздің клиентурамыз ең үлкен – қазіргі таңда бізде 500 мыңға жуық клиентке қызмет көрсетіледі. Біз халықпен жұмыс жасау білеміз және тиістіміз. Пойыз тоқтап отырған барлық бекеттер мен қалаларда біз халыққа қызмет көрсетіп, кеңестеме бердік, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің, мемлекеттік бағдарламалардың мән-маңызын түсіндірдік. 1 мыңға жетеғабыл адам қаржылық қызметтерге тікелей қол жеткізіп, кеңестемелер алды. Орташа есеппен, әр стансада 20-30-дай адамға қызмет көрсетілді. Тіпті егер олар дәл сол күні келісімге отырмай, бірақ біздің кеңесшілердің байланыстарын алған болса, осының өзінде белгілі бір еңбек жемісі бар бар, себебі келісім жасасу үшін бар болғаны жеке куәлікті ұсыну ғана керек. 

- Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы неше келісімге отыра алдыңыздар? 

- Жалпы тұрғын үй құрылыс жинағы туралы 100-ден аса келісімге отырдық. Бұл жерде ең бастысы алыс-шалғайлардағы өңірлердегі халық тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі жайлы біліп қалды, бұл қаражат жинап, кейін мембағдарламарға қатысу үшін немесе тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесімен баспана сатып алу үшін қажет. Осылайша, біз халықпен әлдебір кері байланысты құрдық. Біз қазір клиенттердің банкке ағылуын байқап отырмыз. Оған мәліметтер айғақ болады: жыл басынан бері бізде өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда клиенттердің ағыны 3 есе артты. Қазіргі таңда банк ең жоғары рейтингілерге ие және нарықтағы ұзақмерзімдік салымдар үлесі бойынша көшбасшы болып табылады. Осы сәткен дейін бізде 83 мың адам тұрғын үй жағдайын жақсартуға қарыз алған. Банк динамикалық түрде дамып келеді және біз үшін халыққа қызмет көрсету сапасының мәселесі әрқашан өзекті, сол себепті де халықпен араласу кезінде алған белгіні өз қызметімізде сындарлы түрде әрі қарай пайдалануға тырысамыз. Бізде 300 қысқа нөмір қызметі жұмыс істейді, ол бойынша кез келген қалтафон арқылы кеңестеме алуға болады. мұнымен қатар біздің кеңесшілер клиентке тура шыға алады, егер ол келісім жасауға дайын болса. Яғни іс жүзінде біз VIP-қызметті көрсете аламыз, себебі біздің барлық өңірлер бойынша 750-ден астам консультантымыз бар. Күн тәртібінде сондай-ақ халыққа қашықтан қызмет көрсету мәселесі де өткір болып тұр. Біздің нүктелерімізде кезекті жасамай-ақ, біз клиенттерімізге ғаламтор арқылы қызмет көрсетілгенін қалаймыз. Ғаламтор барлық жерде бар – олар электронды үкімет порталы арқылы, интернет-банкинг арқылы немесе банк сайтында тікелей жеке кабинет ашып жұмыс істей алады, әрекет жасап, мембағдарламаларға қатысып, ұсыным тапсырып және депозитті толтыру мен несиені өтеу жөніндегі операцияларды істей алады. Халық сапалы қызмет алуы үшін, біз барлық күш-жігерімізді саламыз. 

- Пойыз ТҚЖБ филиалдары жоқ жерлерде болып қайтты. Банктің филиалдарын көбейту жоспарланып жатқан жоқ па? 

 - Филиалдар желісін кеңейту арзан жұмыс емес. Сондықтан біз өз кеңесшілерімізді белсенді түрде пайдаланатын боламыз, олар шарт жасау және шалғайдағы өңірлерге бару мүмкіндігіне ие болады. Бұл ретте біз «Қазпошта» АҚ-мен де шарт жасадық, ол біздің қызмет көрсету бойынша трансфер-агентіміз болып табылады. Тұрғындар біздің қызметтерімізді «Қазпошта» арқылы ала алады, ал ол Қазақстанның барлық дерлік өңірінде бар. 

 - Қоғамда орын алап отырған құнсыздану қауіптеріне байланысты, кейбір банктер ипотека беруді тоқтатып, несиелерді доллармен беруді жөн санап отыр. Ал сіздің банк қарызды теңгемен беруді жалғастырып келеді. Бұл жағдай сіздерге қалай да бір әсерін тигізді ме? 

 - Біздің клиенттеріміздің саны онсыз да тұрақты түрде өсіп келеді. Клиенттер санын мен айтып кеттім, алайда банк, өзіңіз айтып кеткендей, тең қана теңгемен жұиыс жасайды. Бізде валюталық құрал жоқ. Сондықтан біз тұрғындарды біздің қызметімізге жүгінуге шақырамыз, себебі бізде мемлекеттік сыйақыны ескергенде пайыздық жарна да жоғары. Нақты бір соманы жинағаннан кейін тұрғындар арзан займ ала алады. - Коммерциялық банктермен салыстырғанда «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» тез қарқынмен жұмыс жасап келеді, десек те ТҮҚЖБ, айталық, нарықтың 20% құрайтын уақыт тууы мүмкін бе? Сол кезде сіздер не істейсіздер? - Өте жақсы сұрақ. Қазіргі таңда Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді халқының 5%-на ТҮҚЖБ арқылы қызмет көрсетіледі, десек те бізде 2023 жылға дейінгі жеделұзақ мерзімді стратегия бар. Және сол кезеңге дейін біз аталмыш көрсеткішті 17% дейін жеткізуді көздеп отырмыз, яғни тұрғындардың экономикалық тұрғыдан белсенді тобының 17%-дан астамы бізде болатын болса, онда жеделұзақ мерзімді стратегияның орындалғаны. 

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage