Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамаубаев Ерұланды ҚР Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
2024 жылдан бастап ол Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, оған дейін 2022 жылдан бастап премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының қаржы министрі, оның алдында 2020-2022 жылдар аралығында қаржы министрі қызметтерін атқарған.
Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
