Ербол Адаев президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ – Ербол Адаев президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарда.

Бұл қызметке ол Нұрдәулет Төлеевтің орнына келді.

adimage