Ербол Еділов Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Белгілі қазақстандық саясаттанушы, блогер және кеңесші Ербол Еділов Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып Ербол Еділов тағайындалды», - делінген Telegram-каналындағы YEDILOV ONLINE хабарында.
Еділов 2017 жылдан бері  GR Consulting Group басқарушы директоры болып келеді, оған дейін 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Бұрғылау» ЖШС басқарушы директоры болған, оның алдында 2012-2016 жылдар аралығында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ адами ресурстарды басқару департаментін басқарған.
Ол саяси инсайдтар мен саяси-талдауға арналған танымал YEDILOV ONLINE телеграм-каналының авторы. Каналдың шамамен 46 мыңдай жазылушысы бар.

adimage