Ербол Рахымбеков Шымкент сотының төрағасы болды

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ - Ербол Рахымбеков ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 9 қазандағы №768 жарлығына сәйкес Шымкент сотының төрағасы болып тағайындалды.    
«ҚР Конституциясының 82 б.2т., 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР сот жүйесі және судьялардың статусы туралы» ҚР Конституциялық заңының 31б.2,3,5 т.34б 3т.2)тт 1т. 1), 2), 11-1) тт сәйкес Шымкент қаласы сотының төрағасы қызметіне Рахымбеков Ербол Мұхажанұлын тағайындау туралы қаулы етемін», - делінген құжатта.  
Осы жарлықпен Маңғыстау облысы сотының төрағасы болып  Даулиев Ержан Көкенұлы тағайындалды.


adimage