Эрдоған адам шығына әкеп соққан Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан жеті күн аза тұту жариялады

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған адам шығына әкеп соққан жер сілкінісі салдарынан жеті күн аза тұту жариялады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2023 жылдың 6 ақпаны күні елімізде орын алған жер сілкінісі салдарынан жеті күнге жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Барлық ұлттық және шетелдік өкілдіктердегі біздің туымыз 2023 жылдың 12 ақпанына дейін төмен түсірілетін болады», - деді Эрдоған дүйсенбі күні.
Еске салсақ, дүйсенбіге қараған түні Түркияда магнитудасы 7,4 балдық күшті жер сілкінісі орын алды. Елде қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Қазақстан СІМ жер сілкінісінен зардап шеккен Түркиядағы қазақстандықтардың жағдайын анықтауда. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген адам шығына әкеп соққан жер сілкінісіне байланысты Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганға көңіл айтты. 15.00-дегі жағдай бойынша Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар туралы хабар түспеген.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Соғы ақпар бойынша Түркияда шамамен 1,5 мың адам мерт болды, шамамен 8,5 мың адам зардап шеккен, сонымен қатар көрші Сирияда да мерт болғандар мен зардап шеккендердің көптігі туралы айтылуда.

adimage