Алматы. 5 қазан. ҚазТАГ – Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған Сириядан әскерін алып шығу талабын атады, деп хабарлады «Росбалт».
«Сирия халқы сайлау өткізген кезде біз Сирияны өз басшысына қалдырамыз. Бірақ тек олар сайлау өткізгеннен кейін ғана», - деп келтірген Reuters агенттігі Р. Эрдоғанның сөздерін.
Хабарда атап өтілгендей, сонымен Түркия президенті Сирия СІМ басшысы Валид Муаллемнің Түркияға, АҚШ пен Францияға қыркүйектің соңында БҰҰ бас ассамблеясының тұғырынан әскерлерін алып кету туралы қойған сұрағына осылай жауап берді.
Эрдоған Сириядан әскерін алып шығу талабын атады
