Еріктілер министрге жүгінгеннен кейін Алматыда КВИ жұқтырғандар жатқан стационарларға кіре алмай қалды

Алматы. 13 шілде. ҚазТАГ – Еріктілер денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға жүгінгеннен кейін Алматыдағы КВИ жұқтырғандар жатқан стационарларға кіре алмай қалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мақатаев 10 мекенжайындағы қоқыстың шығарылмағанына екінші күн болды. Бұл пневмония жұқтырғандар жатқан провизорлық стационар. Өкінішке орай, енді біз ішке кіре алмаймыз», - деді ерікті Аида Букаева дүйсенібде өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сәл кейінірек ол қоқыстан тазартылған контейнерлерді көрсетті.
«Айтылды – жасалды! Министр шұғыл әрекет етті» - деп жазған әйел.
Еске салсақ, 1 шілдеде еріктілер Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға егер ол дәрі-дәрмектер жетіспеушілігі мен медициналық препараттар бағасының қымбаттауына қатысты шара қабылдамайтын болса қолда бар барлық бейнематериалдарды көрсетеміз деп қорқытқан болатын. Олар Қазақстандағы жағдайды геноцидпен салыстырып, егер олар барлық видеоны көрсететін болса «бұл үлкен жарылыс» болады деп атады. Кейін Цой ол бейнематериалға жауап ретінде еріктілерге халықтық бақылауға қатысу ұсынылғанын мәлімдеді. Сол күні Алматының қоғамдық денсаулық басқармасы (ҚДБ) «бірқатар дәрі-дәрмек жеткізуде іркілістің барын» атап өтіп, КВИ жұқтырғандар жатқан стационарларда дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі барын мойындап, хабар таратқан еді.

adimage