Эритрея мен Эфиопия 20 жылғы қақтығыстан кейін бейбітшілік туралы шартқа қол қойды

Алматы. 17 қыркүйек. ҚазТАГ - Эритрея мен Эфиопия 20 жылғы қақтығыстан кейін бейбітшілік туралы шартқа қол қойды, деп жазады «Коммерсант».
«Эритрея презденті Исайяс Афеворки мен Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед саудтық Джидда қаласында бейбітшілік келісіміне қол қойды», - делінген дүйсенбіде Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасалған хабарда.  
Хабарда айтылғандай, қол қою салтанатына Сауд Аравиясының королі  Салман бен Абдель Азиз Аль Сауд, мұрагер ханзада Мухаммед ибн Салман Аль Сауд және БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысты.
«Үміт желі Африкада ескен еді, ал мына келісім – құрлықтағы бейбітгілікке жасалған пролог», - деп мәлімдеді А. Гутерриш.
Еске салсақ, Эритрея 1952-1983 жылдары Эфиопия құрамында болды. даулы шекара маңы аумақтарына байланысты 1998 жылы олардың арасныда соғыс басталды. 2000 жылы қарулы қақтығыстар аяқталды, бірақ екі ел арасныдағы қарым-қатынас шиеленскен күйі тұр еді. қақтығыстар салдарынан 80 мыңнан астам адам зардап шекті.  


adimage