Еркін Ақынжанов Норвегиядағы Қазақстанның төтенше және уәкілетті елшісі болып тағайындалды

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – 9 сәуірде Еркін Ақынжанов Норвегиядағы Қазақстанның төтенше және уәкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ақынжанов Еркін Қадірбекұлы Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және уәкілетті елшісі болып тағайындалды», - деп хабарлады сейсенбіде Ақордадан.
Ақынжанов бұған дейін АҚШ-тағы Қазақстан істерінің уақытша сенімді өкілі боолған.

adimage