Ерлан Аккенженов энергетика министрі болып тағайындалды

Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Ерлан Аккенженов энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Акорда баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген сәрсенбідегі хабарда.

Аккенженов 2023 жылдың маусымынан бастап энергетика вице-министрі, 2022 жылдың шілдесінен бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының басшысы болған, оның алдында 2016 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасаған.

adimage