Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ - Ермұрат Бапи президент сайлауына қатысудан бас тартты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Съездің бастамасын естідім. Мен ойлаймын, шын мәнінде, бұл жиында, бұл жиында бола тұра, бұл сайлауға легитимділік берудің керегі жоқ. Мен өз кандидатурамды алып тастаймын», - деді Бапи жұма күні Біріккен социал-демократиялық партияның (БСДП) съезінде.
Бұған дейін хабарланғандай, Біріккен социал-демократиялық партиясы Ермұрат Бапиды Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсынған еді.
Бапи 1959 жылы Шығыс Қазақстанда дүниеге келген. Тынық мұхиты әсери-теңіз флотында әскери борышын өтегеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Шығыс Қазақстан облыстық газетінде тілші, Қазақ радиосының бас редакторының орынбасары, респуликалық «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметі басшысының орынбасары болған, соңғы 20 жылда ДАТ медиа жобасының жетекшісі («Дат», «Солдат», «Тасжарған», «Жұма-таймс», «Айна плюс», «Общественная позиция» басылымдары).
Бапи – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналистика саласында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі, азаматтық қоғамның дамуына қосқан зор үлесі және ерен еңбегі үшін Қазақстан Журналистер одағының алтын медалінің иегері.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығына қол да қойылды.
ҚР президенті лауазымына үміткерлерді ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08