Ермек ШАМҰРАТОВ: РЕСЕЙЛІК ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЛОКАЛЬДЫ БОЛАДЫ ЖӘНЕ ОНДА ӘЗІРГЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ОРЫН ЖОҚ

- Ресейде Жапония мен Қытайдағы сияқты жарты жылдың ішінде өздерінің ұлттық төлем жүйесін жасау жоспарлануда. Бұл ретте Ресейде оны аз шығынмен және тез арада құрмақшы. Сіз қалай есептейсіз, ол қаншалықты шындыққа жанасады?

- Мәселе оның локальды болатындығында. Ол ел ішінде қызмет атқарады, ал шетелде - жоқ. Мысалы, жапондық JCB төлем жүйесі жапондықтар бар жерде ғана жұмыс атқарады. Мысалы, біз Алматыда JCB жүйесін қосты, бірақ ол жапондықтар кешкісін тынығатын тек екі клубта ғана жұмыс істеді. Екінші жағынан ол орасан зор еңбекті талап етеді. Ұлттық төлем жүйесін жарты жылда құруға болады деп айту - ол мүмкін емес. Ол технология тұрғысынан да мұмкін емес.

- Онда Ресейге өзінің жеке төлем жүйесін құрудағы мағынасы неде?

- Халықаралық төлем жүйелері қойған шектеулер шетелдерде жүргендердің карталары барларға ғана таралады. Өзіндік жүйені құру ол проблеманы шеше алмайды, себебі бұрын шығарылған карталарға егер оған шетелдік банктер қосылған болса ғана қызмет көрсетіледі. Шындап келгенде, комбинирленген түрде жағдайдан шығуға болады, сол халықаралық карталар бойынша ел ішінде барлық төлемдер өтетіндей етіп, ал шетелге шыққанда емитенттердің келісім бар төлем жүйесімен пайдалануға болады.

- Ал қазір Қазақстанға Кедендік одақ аясында Ресей төлем жүйесіне қосылу керектігі айтылуда. Қазақстандықтар үшін оның пайдасы мен зияны неде?

- Ешқандай пайдасы да, зияны да жоқ. Мәселе халықаралық төлем жүйесінің шетелдік транзакциясын блоктау туралы болып отыр емес пе? Шартты түрде айтатын болсақ, егер оларды онда жауып қоятын болса, біздің банк клиенттері шетелде карточкаларын пайдалана алмайды. Бірақ ел ішінде біздің Қазком мен Ұлттық банктер өзара тікелей байланыста және олар эквайринг нарығының 80% шамасын алып отыр, яғни блоктау ықтималдығы бізде тым төмен. Тіпті Visa немесе Master Card иелерін Қазақстандағы азаматтар үшін өшіріп тастаса, ол ішкі жағдайға әсер етпейді.
Ал ресейліктерге қосылуға айтарлықтай қажеттік жоқ. Қалауы бар болса, мейлі. Ол үнемі Ресейге барып тұратын немесе Сбербанктің клиенттері үшін маңызы бар. Мен үшін Мәскеуде қандай да халықаралық төлем жүйесінің карточкалары жұмыс істемейтінін елестету қиын. Айталық Мәскеуде, Санкт-Петерборда, мысалы, Master Card жұмыс істемейді десек.

- Халықаралық төлем жүйелерінің Visa және MasterCard карточкалары қазақстандық нарықта монопольдық жағдайды алады деген алаңдаушылық жоқ па?

- Түсінесіз бе, ол халықаралық төлем жүйелері бүкіл дүниежүзінде қызмет атқарады...

- Бірақ ол компаниялар саяси тірліктерде де пайдаланылады деп айтылды емес пе?

- Бәлкім, олар жартылай солай қолданылатын да шығар, бірақ меніңше онда сезім көп. Егер олар ресейлік Сбербанкке немесе «Альфа-Банкке» кіруді тоқтатса, сонда алаңдауға болар еді. Немесе олар «Казком немесе «Халық банк» транзакцияларын жауып тастаса сонда алаңдауға болар еді, бірақ ол қиял ғой. Әрине, егер негізді алаңдаушылық болса, ел ішінде қызмет атқаратын төлем жүйесін құрыңыздар. Ол оп-оңай да және үлкен проблема.

- Сіз Қазақстанда бар төлем жүйесін қалай деп бағалаған болар едіңіз? Оның артықшылығы мен кемшілігі неде және ол жетілдіруді қажет ете ме?

- Меніңше Қазақстандағы жүйені технологиялық тұрғыдан жетілдіруге болады. Айталық, біздің барлық транзакцияларымыз тек ел ішінде ғана болса, яғни біз локальды түрде дербес болсақ. Сонымен қатар адам шетелге шыққанда онда өзін тыныш сезінетіндей қаражаты болса. Сондықтан бұл мәселеге байыппен қараған жөн. Оның үстіне ол техникалық тұрғыдан күрделі емес. Шенеуніктер солай істеуі де мүмкін, бірақ бүгінге нақты ақшасыз интегралданған төлем жүйесін жасаса - сол маңызды.

- Кезінде Ұлттық банк Қазақстанда бірыңғай прецессингтік орталық құруды қатты қолдаған...

- Меніңше Ұлттық банк оны қазір де қолдап та отыр. Қазақстан өзінде резервтік прецессингтік орталық құруы тиіс, жаңа технологияларды енгізуі керек. Бірақ оған барлық банктерді тықпыштамай, оларға қатысушыларға бірдей жағдай жасай отырып. Ең бастысы - тек POS-терминалдарды ғана емес, кең ауқымды эквайрингтік желілерді дамыту керек, яғн барша спектрді.

- Егер өзіндік ұлттық төлем жүйесін құру керек болса, оған қанша уақыт керек?

- Қазақстанда мәселе төлем жүйесін құру туралы емес, процессингтік жүйе құру туралы болып отыр. Оны іске асыру бір жылдан бастап одан да көпке созылуы мүмкін.

- Ол қанша сомаға түседі?

- Халықаралық төлем жүйелерін араластырмастан ішкі транзакциялар үшін қарапайым іске асыруға шамамен $1 млн керек. Жаңа технологияларды енгізу, одан ары жетілдіру қосымша $20-30 млн қаражатты қажет етеді.

- Бүгінге Қазақстанның төлем жүйесі қаншалықты тұрақты?

- Қалыпты жұмыс атқаруда. Бір жағынан Ұлттық банктің банкаралық есептесуінің қазақстандық орталығы қызмет атқаруда. Ол арқылы барлық төлемдер өтуде. Екінші жағынан халықаралық төлем жүйелері. Шын мәнісінде бізде қиналатын ешнәрсе жоқ.

- Бәлкім, балама ретінде Қазақстан, айталық, қытайлық төлем жүйесін пайдаланғаны дұрыс шығар.

- Онда біздің барлығымыз Қытайға барып тұруымыз керек. UnionPay терминалдары мен банкоматтары Қытайдан басқа жерлерде кем таралған. Нарық өзі керек бағытқа шығарады деп ойлаймын.

- Ресей мен Қазақстан төлем жүйелеріне қатысты сіздің алдағы келешекке айтар болжамыңыз қандай?

- Маған Ұлттық банктің ағымдағы жоспары беймәлім. Оның басшылығында жауапты адамдар бар шығар деп үміт етемін

- Сұхбатыңызға рахмет!

adimage