Ержан Қоңырбаев: Мемлекет өзінен туристерге қатысты жауапкершілікті алып тастап жатыр

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Ксения Бондал. Туристер құқығын қорғау бойынша «Туристік Қамқор» корпоративтік қорын құру нарықты туркомпаниялар тарапынан болуы мүмкін алаяқтықтан жеткіліксіз қорғайды. Отандық туристерді бұл әркелкі жағдайға қалдырып отыр, ал бұл ҚР инвестиция және даму министрлігінің жағдайын жеңілдетіп отыр, деді ҚазТАГ-қа берген сұхбатында «Сақтандыру төлемдеріне кепіл беру қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ержан Қоңырбаев.

- Ержан Еркенұлы, алдағы қысқы турмаусымда жұмыс жасайтын формада қор құру идеясын сіз қалай бағалайсыз?

- Идеяның өзі жақсы. Алайда төтенше жағдайлар кезінде қор тек қана шетелге шыққан және қандай да бір себептер бойынша кері қайта алмай қалған туристерге көмектеседі. Бұл авиарейстің тоқтап қалуы, немесе ең қиын жағдайда туроператорлардың алаяқтығы болуы мүмкін. Қор қаржысы есебінен шетелде қалған туристерді Қазақстанға қайтару. Ал ертерек билет сатып алған және елден әлі ұшып шықпаған ( ал олардың саны ұшып кеткендерге қарағанда барынша көп) және, енді ұшып шықпағандарына қор шығындарын өтемейтін болады. Сақтандыру компаниялары оған риза емес, себебі олардың тәуекелдері бұрынғыға қарағанда болжанарлықтай және басқарылатындай болмады, сондықтан туроператорлар мен турагенттіктердің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін (АҚЖ) міндетті сақтандыруға деген ынталары жоқ. Демек қор ИДМ жанындағы туризм индустриясы департаментін қызықтыратын – теріс имидж қалыптастырудан қашатын мейлінше тар ғана міндетті шешеді. Ал туркомпанияларды сақтандырғысы келмейді деп айыпталған сақтандыру компаниялары «айыпты» болып қала береді.


- Сіздің ұйымда қордың тиімдірек жұмыс үлгісі бар ма?

- Иә. Біз министрлікке жүйелі келуді ұсындық, оны Қазақстан туристік қауымдастығы да қолдады (ҚТҚ). Бірақ ИДМ-де онымен айналысуға деген қалауы болмады және ол ең жеңіл жолмен – Қазақстаннан сыртқа шығып кеткен туристерге ғана көмектесу жолымен кетті, ал елде қалғандары өздерінше қала берді.
«Туристік Қамқор» қорының құрылтайшылары, меніңше, бес ірі туркомпаниялар болып табылады, ал осы нарықтағы тағы 700 ойыншы қорды басқару және қатысуда «борттан тыс» қалды. Есесіне олардың барлығы да мүшелік жарна төлеуге міндетті - әр сатылған турдан 0,5 АЕК мөлшеріндегі (Т1060,5 – ҚазТАГ). Бұл турнарықта адал емес бәсекелестікке ынталандырады, себебі бес құрылтайшы бәрін шешеді: туристер ТЖ оқиғасына соқтықса кімге, қашан және қанша төлеу керектігін. Қордың жарғылық капиталы тіпті миллион теңгеге де жетпес. Кез келген жағдайда ол аз ғана ақша.

- Әділетсіз. Десек те сіздің идеяларыңыз жөнінде әңгімелесейік.

- Біз туристік нарықтың барлық қатысушылары қор акционерлері болуын ұсындық, олардың барлығының құқығы бірдей, ал жұмыс ережесі алқаластықпен анықталған болу үшін. Қор, негізі, өзін-өзі реттейтін ұйым болар еді, ол үшін бақылаушы кеңес керек, оған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҚТҚ, ИДМ өкілдері кірер еді. Барлық туркомпаниялар ашық болуға міндетті – қорға қаржылық есептілік беріп отырулары тиіс, және, әрине, жарна төлеуі тиіс. Айтпақшы, оның көлемі 30 млн теңге көлеміндегі (шамамен $90 мың. – ҚазТАГ) міндетті банктік кепілден төмен болар еді, ал оны егер туркомпаниялар отандық турнарығында жұмыс жасағылары келсе қорға ұсынуға міндетті. Жарнаның ең төменгі жыл сайынғы сомасы, біздің есебімізше $10-15 мың, оған әр сатылған турдан 0,5 АЕК көлеміндегі аударымды қосыңыз. Егер бір маусымда турнарықта дефолт болмаса, келесі жыл үшін ешкім жарна төлемейді, немесе ол барынша төмен соманы құрайды. Бірақ егер ол бәрібір орын алған болса, онда қор барлық туристерге көмектесуі тиіс. Біздің ұсынысымыздағы ең басты факторлар: жаппай қатысу – алқаластық, қызмет пен тәжірибе стандарттары, қор тарапынан бақылау мен өзін-өзі бақылау қызметі, турнарығының қандай да бір қатысушысының қауіп деңгейіне байланысты жарналардың кеңінен әртараптылығы, түсінікті қауіптер. Тағы сала қаупін сақтандырудың 2-3 деңгейлік жүйесі, онда қор – бірінші деңгей, сақтандыру ұйымдары – екінші деңгей,қор қаупін қайта сақтандыру – үшінші деңгей, егер қажет болса.

- Неге ИДМ сіздің осы ұсыныстарыңызды қабылдамаған?

- Ол кезде оған осы қор бойынша жеке заң әзірлеуге, оған шығындарды жабудың барлық қауіптерін, жұмыстың қағидаларын және т.б. жазуға тура келер еді. Сонымен қатар, «Туристік қызмет туралы» заңға салаға тән қауіптер сипаттамасын қоса алғанда, нақты өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек, және соның негізінде сақтандырудың барлық жүйесін қайта қалыптастыру керек болады. Оған қоса туроператорлар мен турагенттердің АҚЖ міндетті сақтандыру заңын да қайта қарау қажеттілігі туындайды.

- Сонда өздерінің қаржылық жағдайына кепілдік беретін 30 млн теңге туралы туркомпаниялар ұмытса да бола ма?

- Дәл солай. Ол құрылған қор иелігінде болады, ал ол оны туралаяқтардың құрбаны болған немесе авиакомпаниялар проблемасының ортасында қалған туристердің шығындарын өтеуге қолданады немесе қолданбайды.

- Онда келесідей сұрақ туындайды, сонда қазір туркомпаниялар нарықта жұмыс жасау үшін қанша қаржы керек?

- Ең аз дегенде кепілдікке $90 мың, тағы бизнесті алып жүру үшін $20 мың. Мұндай математика барысында ұсақ компаниялар жұмыс жасауларын тоқтатады, ірілері үлкейе түседі – олигополия пайда болады. Ақырында бұл қызмет сапасына, клиенттердің қанағаттандырылуына және отандық турнарығының бәсекеге қабілеттелігіне кері әсер етеді. Иә, мүмкін, туроператорлардың дефолт жағдайы азаяр, алайда шығын ауырлығы, яғни дефолт жағдайындағы шығын көлемі айтарлықтай өседі. Қорға 30 млн теңге салып, клиенттерден 3 млрд теңге жинап алып, жоқ болып кетуге болады, себебі банктік кепілдік бар ғой.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage