Ешенқұлов ҚР БҒМ саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болды

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің сайтынан.
«ҚР Білім және ғылыми министрінің бұйрығымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды», - делінген хабарда.
Бұрын Ешенқұлов 2019 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі қызметінде болды.
«Еңбек жолын 2000 жылы сот жүйесі органдарында бастаған. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі басқарушылық қызметтер атқарған. 2007–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысындағы Балалар құқықтарын қорғау департаментін басқарған. 2016 жылы шілдеде Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 07.03.2018 жылдан 13.09.2018 жыл аралығында негізгі қызметкердерің әлеуметтік демалысы кезінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарды. 2018 жылғы 14 қыркүйектен бастап Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған», - делінген хабарда.

adimage