Есімханов Қазақстан энергетика вице-министрі Шкарупаның орнына келді

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Сұңғат Есімханов Қазақстан энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның орнына келді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Есімханов Сұңғат Қуатұлы Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымда қызмет атқарған А.Шкарупа ұсынылған өтініш бойынша қызметінен босатылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
2014 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.  2013-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
А. Шкарупа энергетика вице-министрі қызметіне 9 қазанда тағайындалған еді.  
Еске салсақ, 24 қарашада энергетика вице-министрі А.Шкарупамен «ТҮКШ даму қоры» АҚ басқармасының экс-төрағасы Қайсар Байдалы Қарағанды облысы Сарань қаласында жылу есептегіш құралын қондыру және сатып алуға бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған деген күдікпен ұсталған еді. Әңгіме Т215 миллион сома жайында.  

adimage