Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Ескірген жылу магистралі құбырының жарылуынан төрт алматылық зардап шекті, деп хабарлады «Алматы жылу желісі» ЖШС баспасөз қызметінен.
«Алматы коммуналдық қызметі жылу магистралінде орын алған жарылыстың салдарын жоюда, апатты жағдай бүгін таңғы 4.14-те Төле би көшесінің оңтүстігінде Пушкин көшесімен өтіп жатқан учаскеде орын алған. Жарылыс 1993 жылы пайдалануға берілген диаметрі 500 мм құбырдың ескіруінен орын алған. Жарылыс салдарынан төрт адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйдегі жеті пәтер мен оның қасында тұрған көліктерге залал келген.
«Шығын көлемі анықталғаннан кейін барлық зардап шегушілер мен залал келтірілген мүлік иелеріне кәсіпорын есебінен заңмен белгіленген тәртіпте жәрдемақы төленеді. Қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы тәулікте сағат 16.00 дейін аяқтау жоспарлануда», - деп мәлімдеді коммуналшылар.
Ескірген жылу магистралі құбырының жарылуынан төрт алматылық зардап шекті
