Есжан Біртанов ТҮҚЖБ ДК құрамынан шықты

Алматы. 4 сәуір. ҚазТАГ – «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлады KASE сайтынан.
Сонымен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі директорлар кеңесінің құрамынан ДК мүшесі Біртанов Есжан Амантайұлы шығарылды.
Біртанов 2019 жылдың наурызында Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Енді ТҮҚЖБ директорларының кеңесі бес адамнан тұрады: төрағасы Айдар Арифханов, ДК мүшесі Ляззат Ибрагимова, ДК мүшелері – тәуелсіз директорлар Досым Қыдырбаев, Александр Барунин мен Мирас Ибрашев.

adimage