Еуразиялық банк ДК құрамы 6 адамға өсті

Күні: 11:57, 27-02-2019.

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – «Еуразиялық банктің» жалғыз акционері қаржы ұйымының директорлар кеңесінің сандық құрамын арттыру туралы шешім қабылдады, делінген KASE сайтында.
«Банктің директорлар кеңесінің сандық құрамын 2019 жылдың 1 наурызынан бастап 6 адамға дейін арттыру; ДК мүшесі – банктің тәуелсіз директоры етіп Репей Виталий Николаевичты тағайындау туралы шешім қабылдады», - делінген хабарда.
Қазіргі таңда «Еуразиялық банк» ДК құрамына кіретіндер: ДК төрағасы Александр Машкевия; ДК мүшелері - Шухрат Ибрагимов пен Павел Логинов; ДК мүшелері мен тәуелсіз директорлар - Инесса Ким және Жанбота Бекенов.


Жаңалықтармен бөлісу: