«Еуразиялық банктің» тазы пайдасы қаңтар-қыркүйекте 6,8%-ға төмендеді

Күні: 13:57, 23-10-2014.

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Қаңтар-қыркүйек аралығындағы банктің таза пайдасы 7,9 млрд теңгені құрады, ол 2013 жылғы үш тоқсандық кезең көрсеткішінен 6,8%-ға төмен, делінген банктің баспасөз қызметінің хабарында.

«ҚР Ұлттық банкінің стандарттары бойынша есепке сәйкес 2014 жылғы 1 қазанға Банктің таза пайдасы 7,9 млрд теңгені құрады, ол 2013 жылғы үш тоқсандық кезең көрсеткішінен 6,8%-ға төмен», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.

2013 жылғы III тоқсанның соңынан басталған кезең үшін Банктің капиталы 19,9%-ға өсіп, 65,2 млрд теңгені құрады. Активтер 30,7%-ға өсіп, 726,7 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар, банктің несиелік портфелінде 2014 жылдың өткен кезеңі үшін 90 күннен бастап (NPL) мерзімі өткен қарыздар үлесі 8,9%-дан 9,0%-ға шамалы ұлғайды, ол елдегі проблемалық қарыздардың барынша төмен көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

«Еуразиялық банк» АҚ Қазақстанның банк жүйесіндегі активтерінің көлемі бойынша 9 орында.    KASE ақпарынша,   «Еуразиялық қаржылық компаниясы» АҚ банктің жалғыз акционері болып табылады.  


Жаңалықтармен бөлісу: