Еуразиялық экономикалық одақ АТӨ елдерімен еркін сауда аймағын құруы мүмкін

Күні: 17:35, 13-11-2014.

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресей, Белоруссия және Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) Азия-Тынық мұхит өңірі (АТӨ) елдерімен еркін сауда аймағын құруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
«Біз (ЕАЭО – ҚазТАГ) жеке тәртіпте еркін сауда аймақтарын құру туралы келіссөздер жүргізудеміз, бәрінен де Вьетнам Социалистік Республикасы жақын тұр», - деген Д. Медведевтің дәйексөздерін келтіреді ТАСС агенттігі.
Ол «Вьетнаммен барлығы дерлік келісілгенін, түптеп келгенде біздің бәрін келісіп қойғанымызды» нақтылай өтті.
«Егер бұл тәжірибе сәтті болып көрінсе, Вьетнам Еуразиялық экономикалық одағының біріккен нарығына шығуға мүмкіндік алса, онда біз оны АСЕАН-ның басқа да елдеріне қатысты қолдана аламыз. Ал олар сол жайында сұрап отыр», - деп атап өтті Д. Медведев.
Мұнымен бірге ол бастапқыда «бірінші фазаны өтіп алу қажет екенін, егер дұрыс шығып жатса, мүмкін, кейін қандай да бір кешенді бірлестіктер болатынын» қоса айтты.


Жаңалықтармен бөлісу: