Еурокомиссия 2019-2020 жылдарға арналған Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасының болжамын қайта қарады

Күні: 10:53, 08-02-2019.

Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ – Еурокомиссия 2019-2020 жылдарға арналған Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасының болжамын қайта қарады, деп хабарлады ТАСС.
«Күтіліп отырғандай, болжам жасалған кезең ішінде мұнай бағасы АҚШ пен Канададағы мұнай өндірісінің өсіміне және мұнайға деген әлемдік сұраныстың төмендеуіне орай бір орында тұрады деп болжануда. Фьючерс нарығының ақпарынша, Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 2019 және 2020 жылдары барреліне 61 АҚШ доллары деңгейінде болады деп болжануда. Бұл 2019 жылға арналған күзгі болжамға қарағанда 24% төмен, және бұған дейін 2020 жыла арналған болжамнан 20% төмен», - делінген сәрсенбідегі болжамда.
2018 жылдың күзінде ЕК 2019 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы $80,6/барр деңгейінде, ал 2020 жылы – $76,7/барр. деңгейінде болады деп болжаған еді


Жаңалықтармен бөлісу: