Еуропарламент ЕО елдеріне сағаттарын ауыстырмауға рұқсат етті

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Еуропарламет депутаттары жазғы уақытқа міндетті түрде көшу талабын алып тастау туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлады BBC.
Ақпарға сәйкес, 2021 жылдан бастап ЕО әр мүше-мемлекеті жылына екі рет, яғни көктемде бір сағат алға және күзде бір сағат артқа, сағат тілін ауыстырудың керек-керек емесін өздері шешетін болады.
Қолданыстағы ережеге сәйкес, Еуроодақ құрамындағы әр ел наурыздың соңғы жексенбісінде сағаттарын жазғы уақытқа ауыстырады, ал қазан айының соңғы жексенбісінде қысқы уақытқа көшеді.
Еуропада осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдалым өткізілді – және респонденттердің 84%-ы сағат тілін ауыстыруға қатысты қарсылықтарын білдірді.

adimage