Еуропарламент Гуайдоны Венесуэланың уақытша президенті деп таныды

Алматы. 1 ақпан. ҚазТАГ – Еуропа парламенті венесуэлалық оппозиция лидері Хуана Гуайдоны республиканың жалғыз және заңды уақытша президенті деп таныды, деп хабарлады Еуропарламенттің сайтынан.
Гуайдоны уақытша мемлекет басшысы деп тану – елде еркін және ашық сайлау өткен сәтке дейін – еуропарламенттің 439 мүшесі қолдап, 104-і қарсы болған, ал 88-і қалыс қалған.

adimage