Евгений АМАН, АШМ жауапты хатшысы: АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНДІРУШІЛЕРДЕН БАСТАП БӨЛШЕК САУДАҒА ДЕЙІНГІ ТІК ЖЕЛІНІ ӘКІМДІКТЕР ҚҰРУЫ ТИІС

 

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Өтіп бара жатқан апта үкіметтің азық-түлік бағасының одан ары өспеуі үшін бірқатар шараларды қабылдауымен немесе қабылмақашы ниетімен ерекшеленді. Ауыл шаруашылық министрлігі премьер-министрге құс шаруашылығындағы проблемаларды жеткізе отырып, тура сол жерде кешенді шараларды тыңғылықтап, енгізу туралы тапсырма алды. Оның мән жайын ҚазТАГ АШМ бас хатшысы Евгений Аманнан білді.

 

 

 

- Құс шаруашылығы туралы айтатын болсақ, мұндағы жағдай, әрине, ерекше. Бізде бұл сала соңғы бірнеше жыл бойына қарқынды дамып келе жатқанын атап өтуіміз керек. Ол қуанышты. Біз осы соңғы жылдары  импорт мөлшері азайып келе жатқанын көріп отырмыз және барлық құс шаруашылығы кәсіпорындары не қайта жөндеуден өтіп жатыр, не жаңадан салынып жатыр.

Бәрібір баға (құс шаруашылығы өнімдеріне – ҚазТАГ) көтерілді, біз оны көріп отырмыз. Өткен жылдары жем бағасы $50 – 70 болғанда құс еті де, жұмыртқасы да арзандау болатын және ол құс шаруашылығының өнімінің өзіндік құнына әсер ететін. Қазір жем бағасы екі-үш есеге артты, және ол, басқасын айтпағанда, елімізде аз. Құс жемінің мұншама күрт қымбаттауы құс шаруашылығына кері әсерін тигізеді ма деген қауіп тудырды. Сондықтан біз бірқатар шаралар қабылдап жатырмыз. Оның ішінде 114 мың тонна мал азығын сатып алу мен қазір Азық-түлік корпорациясында бар бұрыннан қалған 41 мың тонна қорымызды пайдалану туралы шешім қабылданды. Оларды құс шаруашылығы кәсіпорындары арасында бөліп береді. Құс шаруашылығы одағы бұл тұрғыда өздерінің ұсыныстарын жасады, бізде қажет есептеріміз және жемнің белгілі бір көлемін шығару арқылы қолдау сценарийіміз бар – бұл біріншіден.

Екіншіден. Біз премьер-министрден тапсырма алдық (2-ші қарашадағы үкімет отырысында) және үкімет қарауына ұсынарлық құс шаруашылығын қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеп жатырмыз. Ол, біз мал шаруашылығын, ірі қара мал басы азаймау үшін қолдап отырған шаралар сияқты. Біз осы саланы да (құс шаруашылығын – ҚазТАГ) осы кезеңде қолдауымыз керектігін көріп отырмыз. Бұл саладағы жағдай үрей тудырарлық деп айтуға келмейді. Олай болмауы да тиіс. Бірақ осы кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін және бағаны қалыптастыру үшін біз солай істейміз.

 

-  Қазақстандықтарды ет өнімдерімен қамтамасыз етуде проблемалар бар ма?

 

- Біздегі бар мәліметтер бойынша қандай да проблемалар жоқ. Біз статистика мәліметтеріне қарап, мал басы да, өндіріс көлемінің де артып отырғанын айта аламыз. Тіпті биылғы қуаңшылыққа қарамай және өндірістегі де аздаған құлдырауға қарамай... әсіресе өңдеу саласында... Мысалы, біздің мәліметтерімізше, былтырғымен салыстырғанда мал өнімдерін өңдеу 16 пайызға артты. Мал басы күрт азайып кетпеу үшін және өндірістің құлдырамауы үшін бірқатар шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, премьер-министрдің Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысына жасаған сапарынан соң, (2010-шы жылғы жаздағы - ҚазТАГ) тиісті тапсырмалар беріліп, және министрлік мал басын сақтап қалу үшін ауыл шаруашылық құрылымдарын тікелей қаржыландыруды ұсынды. Бізді қолдап, үкімет резервінен 1,5 миллиард теңге бөлініп, оған мал шаруашылықтары жетпей жатқан жем-шөбін сатып алды. 1-ші қазаннан бастап ол қаражат беріле бастады. Ол төрт облысқа: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай мен Ақмола облыстарына қатысты болды. Екінші транш үшін біз 1,6 млрд теңгеге құжаттарды дайындап қойдық, ол қазір қаржы министрлігінде қарауда жатыр. Үкімет резервінен 2010-шы жылғы бюджет түзетілді. Павлодар, Қарағанды  және бірқатар басқа да қуаңшылықтан зардап шеккен облыстарға транш беріледі.

 

- Евгений Иосифович, тұтынушыларда нан бағасы сақтала ма деген алаңдаушылық бар. Осыған байланысты АШМ қандай да шаралар қарастырып жатыр ма немесе ол әкімдіктердің қарамағында ма?

 

- Үкіметтің селекторлық кеңесі әкімдіктер жағдайды нық бақылауында ұстап отырғанын көрсетті. Олар ұн мен нан өнімдерінің бағасы тұрақтылығын айтуда және біздің мәліметтер де оны растап отыр. Егер аздаған тербелістер болса, (бағада – ҚазТАГ) ол жергілікті сипатта, және ол алыпсатарлық екендігі айдан анық. Бізде ұн мен бөлке нан бағасының секіруіне ешқандай негіз жоқ.

 

- Ал бүгіндері ауыл шаруашылық өнімдеріне деген бағадағы жағдай қандай? Министрлік пен жергілікті атқару органдары баға көтерілуіне жол бермеу үшін не істеп жатыр?

 

- АШМ, бірінші кезекте, азық-түліктің жеткілікті қор көлемін жинаумен айналысады. Егер бізде өндірілетін негізгі азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етуді айтатын болсақ, республика егістіктерінде астық жинау аяқталды. Дәнді дақылдар 100% жиналды. Әкімдіктердің мәліметтерінше, біз жазда 13,9 млн тонна астық жинадық. Биылғы қуаңшылық жағдайда ол біздің ішкі қажеттіліктерімізді қамтамасыз етуге жеткілікті екенін айтпауға болмайды. Және, біздің есебімізше, былтырдан қалған қорды есептегенде, экспорттық әлеуетіміз 7-8 млн тонна шамасында. Осы себепті Қазақстан үкіметі астық пен ұнға деген экспортты ешқандай шектемеу туралы шешім қабылдады. Сондықтан біздің елдің бизнес –қауымдастығы өсірген астығын ешқандай шектеусіз пайдалана алады. Ұн мен нан бағасын ұсытап тұру үшін де белгілі сценарий қабылданған: Азық-түлік корпорациясы өзінің 1,5 млн тонна қорын сақтады. Ол былтырғы астық және биылғы астықтан біршама сатып алынды.  

Тура екі күн бұрын астық сатып алуды жалғастырмау туралы шешім қабылданды. Себебі қыркүйек-қазанда аймақтарға меморандумды орындауға деп бөлген астық көлемін олар игеріп үлгермей жатыр.  Қазірдің өзінде 250 мың тонна көлемінде үнемдеу бар және тұтыну көлемі бойынша болжам бізге, Азық-түлік корпорациясындағы резервтерде ішкі тұтынуға қажет көлемдегі астық бар деп айтуға мүмкіндік береді.

Оған қоса, тұтынудың осындай қарқынында, біздің есебімізше, 2011-ші жылдың 1-ші қазанына бір миллион тоннадай өтпелі кезең астығы болады. Ол елімізде ұн да, астық та жеткілікті деп айтуға сенім береді. Бағаны ұстап тұруға келсек, ол жерде АШМ, Азық-түлік корпорациясы, астық одағы мен диірменшілер арасында қол қойылған меморандум жұмыс істеп тұр. Бұл құжаттың қол қойылуына әкімдіктер де қатысты және олар өздеріне астықты мақсатты пайдалану мен ұн бағасының тұрақты сақталуын міндетіне алды.

 

- Бидай мен басқа да дәнді дақылдар, олар, былайша айтқанда, Қазақстан даласының негізгі өнімі. Ал майлы дақылдардағы жағдай қандай? Онда тіпті экспортқа тиым салынған, ол жетпей жатқандықтың анық көрінісі емес пе?...

 

- Майлы дақылдар туралы айтсақ, бүгінге біз іс жүзінде 88 пайыз алқапты жинап болдық. Біздегі оперативтік мәліметтер бойынша, 730 мың тонна бастырылды. Еліміздің қажеттілігі – 800 мың тонна, оның ішінде өсімдік майын шығаратын кәсіпорындардың да қажеттіліктері бар. Біз бұл көлем ішкі нарықты қамтамасы етуге жетеді деп есептейміз. Ия, бұрындары бірқатар майлы дақылдар мен өсімдік майының экспортына тиым салынғаны, еліміздің осы азықпен толық қамтамасыз етіледі деп айтуымызға мүмкіндік береді.

Бағаны сақтап қалу да өте маңызды. Бұл мәселені әкімдіктер бақылап отыр, бірақ сауда жұмысы туралы заңда нормативтік база да бар. Ол қол қойылған келісімдерде белгілі бір бағаны және тиісті сауда өсімін сақтап тұруды қарастырады. Үкімет отрысында бәсекелестікті қорғау агенттік төрағасы Мәжит Есенбаев сауда өсімінің келісілген мөлшерін сақтап тұру жөніндегі норма орындалуы керектігіне баса назар аударды.

 

- Әдетте қазақстандықтардың азық-түліктік себетінде басқа да тағамдар: қант, көкөніс, картоп та болуы тиіс. Ол жағындағы жағдай қандай?

 

- Картоп, қант қызылшасы, көкөніс сынды басқа да дақылдарға келсек, біздің есебімізше олардың да қажет көлемі бар. Азық-түліктің бұл түрлерінен біз толығымен қамтамасыз етілгенбіз. Ең бастысы, қандай да алыпсатарлыққа жол бермеу. Бұны қадағалау, ең алдымен жергілікті атқару органдарында. Олар өндірушілерден бастап, бөлшек саудаға дейінгі желіні құрып, соны қадағалап отыруы тиіс. Қордың сақталуын қоймалар салу арқылы ынталандыру, жаңа өнімге жеткенше қажеттілікті толығымен қамтамасыз етерлік өтпелі ресурс құру – әкімдіктердің міндеттері.  

 

- Күріш қазақстандықтар үшін дәмді палау пісіруге ғана қажет азық емес, сонымен қатар елімізге экспорттық дақыл ретінде де қызықты. Солай ма?

 

- Біз биыл күріштің ерекше мол өнімін алғанымызды білеміз. Бізде соңғы 20 жылда ондай болған емес! Өнім гектарына 45 центнерден астып кетті. Қазір күрішті қайда сату проблемасы тұр. Қызылорда облысының әкімі қайтадан оның өндірушілерінен күріш сатып алу міндетін қойды. Біз әртүрлі сценарийді қарастырып жатырмыз, бірақ оны қалай істеу керектігі туралы сеніміміз әзірге жоқ. Былтыр да күріш мол болған. Биыл оған қосымша өнім қосылды... Бұл жаман емес, бірақ, біздің күріштен экспорттық мүмкіндігіміз айтарлықтай күрделі...

 

- Біз оны қайда жіберудеміз?

 

- Әдетте ішкі нарыққа. Себебі бізбен Ресейдің Краснодар өлкесі үлкен бәсекелестікте, оларда күріш арзандау.

 

 - Айтыңызшы, жалпы айтқанда еліміздің азық-түлік қоры неден құрылады?

 

- Біріншіден, біздің не өндіргенімізге байланысты. Әрине, өтпелі қорларымыз да бар. ТЖМ желісіндегі қол сұғуға болмайтын қорлар туралы айтсақ, олардың да ықпалы бар – бұл бөлек сценарй. Мен білемін, егер қажет болып жатса, ТЖМ интервенция жасауға дайын. Бірақ біз қандай да интервенция жасау қажеттігін көріп отырған жоқпыз. Бәлкім, нарық әзірге өзінше реттеліп жатса, ол жеткілікті дәрежеде қаныққан. Сондықтан қорымызда өсімдік майы да, күріш те, т.б. да бар.

 

 

Анықтама. Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігіне үкімет қаулысымен 2010-шы жылғы 1-ші наурызда бекіткен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тізіміне сай мониторинг жүргізіп отырады. Ол тізім 18 түрлі азықты қамтиды (бидай ұны, нан, макарон бұйымдары, жармалар, күріш, картоп, көкөніс, қант, өсімдік майы, сүт, айран, сүзбе, ірімшік, қаймақ майы, жұмыртқа, тұз, шай).  


adimage