ЕЫҚҰ мемлекеттері Алматыда оқ-дәрілерді басқару саласында тәжірибе алмасты

Астана. 2 қыркүйек. ҚазТАГ – Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Словения, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Біріккен Патшалық пен АҚШ-тың 40-қа жуық әскери қызметшілері мен азаматтық сарапшылары Алматыда оқ-дәрілерді кәдеге жарату, тасымалдау және кәдімгі оқ-дәрілердің қорын басқару аясында тәжірибе алмасты, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Әңгімелесу Алматыда жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру бойынша ЕЫҚҰ өңірлік семинар шеңберінде өтті», - делінген ведомство сайтында сәрсенбі күні жарияланған хабарда.
Хабарда айтылғандай, Қазақстан әскери-саяси өлшем саласында ЕЫҚҰ қызметінің бірізді және белсенді қатысушысы болды және қала береді және жарылу қаупі бар оқ-дәрілерді залалсыздандыру аясында қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастық етуіне үлкен мән-мағына береді.  «ЕЫҚҰ жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандыру аясында тиімді техникалық ынтымақтастық ұдайы тәжірибе алмасу мен қатысушы мемлекеттер арасында ең жақсы тәжірибе жинақтау екенін түсінеді», - деді Астанадағы ЕЫҚҰ бағдарламалар кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Колин Маккалоу.  Жаңа көзқарас пен елдер арасындағы анағұрлым тығыз өзара іс-қимыл өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін міндетті болып табылатынын айтты. «ЕЫҚҰ-ның бұл семинары Орталық Азияда оқытудағы ортақ қажеттіліктерді айқындау және жарылу қаупі бар заттарды қарусыздандыру аясында болашақ бірлескен курстарға арналған тренингті әзірлеуде жеке көзқарасты қолдануды қамтиды», - деді Тәжікстандағы ЕЫҚҰ Бюросын минасыздандыру жөніндегі офицер Михаил Семенов. Іс-шара жарылу қаупі бар заттарды залалсыздандырумен байланысты түйткілдер мен шақыруларды шешу мақсатында Орталық Азия мен Ауғанстан мемлекеттері арасындағы кооперативті тетікті дамытуда ЕЫҚҰ ұзақ мерзімді қолдауының бөлігі болып табылатынын  атап өткен жөн.

adimage