«Эйр Астана» ұшағының Алматы көгінде сағат бойы ұшып жүруін жаттығу деп түсіндірді

Күні: 17:52, 23-09-2020.

Алматы. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – «Эйр Астана» ұшағының Алматы көгінде сағат бойы ұшып жүруін жаттығу деп түсіндірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жаттығу болды, төтенше ештеме болған жоқ»,- деп хабарлады сәрсенбіде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен ҚазТАГ ХАА редакциясына.
Бұған дейін хабарланғандай, flightradar24 ақпарына сәйкес, ұшақ қаланың үстінен бірнеше мәрте ұшып өткен. Қазақстанның авиация әкімшілігі ҚазТАГ ХАА редакциясына жағдайды анықтап жатқандарын жеткізген болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: