ЕЖЕЛГІ СЫҒАНАҚТАН - ЖАҢАРҒАН ЖАҢАҚОРҒАНҒА

Қызылорда. 17 қыркүйек. ҚазТАГ - Бүгін осындай тақырыппен Жаңақорған аудандық аграрлы- техникалық колледж студенттері Сығанақ қаласына экскурсияға шықты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған сапарға аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы С.Ыдырысов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Төлегенов, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі А.Сопыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағамбетов, аудандық мұражай қызметкері Б.Таждинов пен тарих пәнінің мұғалімі, зерттеуші Ә.Ержанов қатысты.

Зерттеуші Ә.Ержанов пен мұражай қызметкері Б.Таждинов жастарды қаланың негізі қаланған тұстан бастап тарихымен таныстырса, жергілікті өлкетанушы Адырбек Сопыбеков «Сығанақ» жайлы өзінің арнауын оқыды.

Қазақтың алғашқы мемлекеті болған Ақ Орданың астанасы Сығанақ жайлы мол мағлұмат алған жастар соңынан бабалар рухына құран бағыштады.

adimage