Falcon 9 тасымалдағыш зымыранымен екі қазақстандық спутник ұшырылды

Күні: 10:57, 04-12-2018.

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ -  Falcon 9 тасымалдағыш зымыранымен екі қазақстандық  спутник ұшырылды, деп хабарлады ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлгінің (ҚАӨМ) баспасөз қызметінен.  
«Бүгін, яғни 2018 жылы 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00:32 сағатта ғылыми-технологиялық мақсаттағы қазақстандық екі ғарыш аппараты (ҒТМ ҒА) ғарыш жүйелері - «KazSTSat» микроспутнигі мен «KazSciSat-1» наноспутнигі «Falcon 9» тасымалдағыш зымыранымен Вандерберг (АҚШ, Калифорния) ғарыш айлағынан ұшырылды. Ұшырылым штаттық режимде өтті», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда атап өтілгендей, ҒТМ ҒА мақсаты – жобалау технологияларын жетілдіру, жинау және төменгі орбиталы ғарыш аппараттарын сынау, Жер ионосфераларына ғылыми зерттеу жүргізу, технологиялық жүктемелер (меншікті әзірлемелердің қосалқы жүйелері) үшін ұшу тарихын алу.
«Алғаш рет ғарыш аппараттарын құруға ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК»  «Ғалам» ЖШС мен ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қарамғындағы «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар Ұлттық орталығы» Ғарыштық техникалар мен технологиялар институты қатысты», - деді министрліктен.  
Министрлікте еске салғандай, а.ж 23 қазанынан «Ғалам» ЖШС инженерлері «SSTL», «Spaceflight» және «SpaceX» компанияларындағы өздерінің әріптестерімен бірлесіп тасығыш зымыранның ғарыштық бастиек бөлігінің модуліне спутниктер орнатты.


Жаңалықтармен бөлісу: