Астана. 13 қараша. ҚазТАГ - Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылған, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР БҒМ әкімшілік қызмет және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекова БАҚ-қа ҚР БҒМ жауапты хатшысы Арын Өрсариев сыбайлас жемқорлық схемасының басшысы-мыс деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Ұлттық білім беру мәліметтер базасына (ҰБМБ) бюджеттен Т48 млн аударылған, ал жұмыстар орындалмаған болып шыққан. Сонымен қатар ол білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғары мен БҒМ тағы бір орынбасары Фатима Жақыпованың тарапынан ізіне түсушілік болып жатқанына шағымданған еді.
1 қыркүйекте Биғары 2019 жылдың 8 сәуірінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ҚР ҚК 189 бабы 3 бөлімі 2 тармағы бойынша (бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету) сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын, алайда 2019 жылдың 8 тамызында құрамында қылмыстық құқықбұзушылық болмауына орай осы органның қылмыстық істі тоқтатқаны хабарланды.
16 қыркүйекте Жақыпова диссертациясын Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының тексергенін мәлімдеді. Ол орталық Қазақстандағы ғылыми еңбектерді плагиатқа тексеретін бағдарламасы бар жалғыз мекеме. Сонымен қатар, ол ар-намысын, іскери беделін қорғауға шағым жасағанын жеткізді.
Қарашаның басында, ҚР БҒМ баспасөз қызметі Фатима Жақыпованың «ҚР заңнамасына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты қазіргі таңда аталмыш лауазымды тұлғаны қызметінен босату процедураларының жүріп жатқанын» мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08