Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Түркістан облысында фермердің үйіне шабуыл жасаған екі күдікті Шымкентте ұсталды, деп хабарлады полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«2018 жылы қаңтар айының басында Арыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне Монтайтас ауылының тұрғынынан үйіне қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен. (…) Зардап шегушілердің айтуынша, полицейлер олардың үйлеріне түн ортасында бетперде киген, қарулары бар белгісіз төрт адамның баса көктеп кіргенін анықтаған. Үй иелерін қорқытқан олар отбасындағылардың барлығының қол-аяқтарын байлап тастаған, соның ішінде кәрі әже мен төрт кәмелетке толмаған баланың да аяқ-қолын байлаған. Отбасы мүшелерінің өмірі үшін қорыққан үй иесі ақша мен алтын бұйымдарын берген. Зардап шегушілерге келтірілген жалпы шығын сомасы Т5 млн астам деп бағаланған, аталмыш дерек Арыс АПБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (СТБТ) ҚР ҚК 192 бабы бойынша тіркелген. Сол кезде полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шаралары еш нәтиже бермеген», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Түркістан облысы ПД қылмыстық полиция бастығы Құрманбек Саховтың айтуынша, күдіктілердің ізіне түсуге оларға бір жыл тоғыз ай кеткен.
«Арнайы операция жүргізу барысында Шымкентте көшелердің бірінде күдіктілердің бірін ұстадық, сосын екіншісін де қамауға алдық. Олардың екеуі де мегаполис тұрғындары. Қазір фермердің үйіне жасалған қарулы шабуылға қатысы бар қалған екеуін ұстау бойынша шаралар жүргізіп жатырмыз», - деді Сахов.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34