Фиона Вульф: Қазақстандық бизнестің Ұлыбританияға инвестиция салуға тамаша мүмкнідктері бар

Алматы. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Лондон Ситиінің лорд-мэрі Фиона Вульф Қазақстан мүше болып табылатын мемлекетаралық экономикалық одақ, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастың табысты дамуына ешқандай кедергі келтірмейді және олардың өзара инветициялық тартымдылығын төмендетпейді деп есептейді. 

 - Вульф ханым, британиялық компаниялар Қазақстанға белсенді түрде инвестиция салуда. Сіздіңше, Қазақстан Сіздің отандастарыңызға несімен қызықты?

 - Қазақстан инвестиция тұрғысынан екі себеппен тартымды. Біріншіден, мен президент пен үкіметтің экономиканы әртараптандыруға мүдделі екенін білемін, олар инвесторларға қоладу көрсетеді, және оларға тұрақтылық пен алдын болжай алатындық керек екенін біледі. Екінші себеп – Қазақстан Азия мен Еуропаның қақ ортасында орналасқан үлкен мемлекет. Оның өңірде тек қаржылық қызметте ғана емес, басқа да салаларда өңірлік хаб болатын әлеуеті зор. Сондықтан Қазақстанға ұмтылудың себептері көп. Ұлыбритания соңғы 50 жылда тікелей шетелдік инвестицияны тартуда Еуропадағы кез келген елден алда келеді, оның ішінде Франция мен Германияны қоса алғанда. Және біз де қазақстандық инвестицяны Ұлыбританияда көргіміз келеді. Мысалыға инфрақұрылымға инвестиция салудың тамаша мүмкіндіктері бар.

- Британиялықтардың Қазақстанға салған инвестициясының көлемі қандай және қандай сала оларды көп қызықтырады?

- Ұлыбритания – Қазақстандағы екінші ірі инвестор, оның тікелей салған инвестициясының көлемі $24,7 млрд және шетелдік инвестициядан алатын жалпы кірісі $7,1 млрд. Ол мұнайгаз саласында ірі инвестор болып табылады, әсіресе BP, Shell және British Gas компаниялары арқылы (соңғысы $5 млрд-тай инвестициялады – ҚазТАГ) Сауда мен инвестицияны дамыту жөнінде белсенді түрде біздің сауда министріміздің төрағалығымен үкіметаралық комиссия деңгейінде белсенді диалог жүруде. Ұлыбритания Қазақстаннан $458 млн тауарларын импорттайды, ал $515 млн-ға экспорттайды, яғни шамалас. Премьер-министрдің (Ұлыбританияның – ҚазТАГ) былтыр маусымда Қазақстанға жасаған сапарынан бері $2 млрд-қа келісімшарт жасалды. Таукен өнеркәсібі, пайдалы қазба мен т.б. саласында жұмыс істейтін 20 қазақстандық компания Лондон қор биржасында бар, ол қуанышты да. - Қазақстан мен Ұлыбританияның арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа Кедендік одақ, Еуразиялық экономикалық одақ сынды мемлекетаралық одақтардың құрылуы қандай әсер етеді? - Меніңше, ол сол одаққа кіретін тек сол үш мемлекетке ғана қатысты. Және біз оларды құрудағы ниеті - экономикалық ынтымақтастық екенін түсінеміз. Біздің үкімет экономикалық интеграцияға бағытталған қадамдарды құптайды. Мысалы, біз Қазақстанның ДСҰ-ға кіруге берген өтінішін қолдаймыз. Және біз осы жыл соңына қарай оның табыспен аяқталуын қолдаймыз. Біз сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы келіссөздерге де қолдау көрсетеміз. Сондықтан бұл мәселені ауқымды экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан қарау керек.

 - Ал Украинадағы оқиғалар Лондон Ситидің іскерлік белсенділігіне, жалпы алғанда, Қазақстанмен ынтымақтастығына қандай да әсер етті ма? 

 - Меніңше, ол әлемдік нарыққа жалпы ықпал етеді деп ойлаймын. Ал Лондон әлемнің шағын үлгісі. Лондон қор нарығына компаниялар өздерінің кірістерін арттыру үшін келеді, әлгі қазақстандық 20 компания да сол үшін келеді. Лондон қор биржасы әлемнің барлық түкіпірінен капитал ағып келіп жатқан терең пул болып табылады. Бірақ Ресейге қатысты беймәлім ахуал инвесторлардың сенімділігіне ықпал етеді. Мен Мәскеудені заңгерлік компаниямыздың өкілдігінен білгенім, қазір Ресейдегі көптеген әлеуетті инвесторлар өз қызметін тоқтатып жатыр. Әрине, Лондон Ситиі де Еуропалық одақтың Ресейге қарсы жариялаған ұжымдық санкияларына бағынады. Бірақ оның Ситиге басқа ықпалын көріп тұрған жоқпын. Украинадағы оқиғалар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-инвестициялық қарым-қатынасқа қандай да әсер етпеді. 

 - Негізінен инвестициялар мұнай-газ саласына салынады. Ал басқа салалардағы - білім, ғылым және т.б. әріптестік жағы қалай? Британдық компанияларға бұл қаншалықты қызықты?

 - Бізде Қазақстандағы оқыту және білім саласындағы ұйымдармен, соның ішінде ЖОО бітіргеннен кейінгі білім саласындағылармен әріптестікке қызығушылық танытып отырған кәсіби институттар саны жеткілікті. Әсіресе бұл кәсіби және қаржылық қызметтерге қатысты. Қазақстанға менімен бірге келген әріптесімнің бірі актуарий мамандығы бойынша және ол зейнетақы қоры мен сақтандыру бойынша маманданған. Бүгінде әлемде осындай мамандығы бар актуарийлердің жетіспеушілігі байқалуда. Менің әріптесім сіздің елдің мамандарына қандай білімнің жетіспейтінін түсіну және дайындық бағдарламасын ұсыну үшін келді. Бухгалтерия мамандары да Қазақстанмен әріптестікке мүдделі. Бухгалтерлерді кәсіби оқытумен және біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастыратын бухгалтерия алқасының қауымдастығы бұл жерде бар. Бағалы қағаздар саласында, инвестиция мен қаржылық қызмет саласында оқыту модулін ұсынатын көптеген институттар бар. Олардың барлығы әріптестікке және түрлі елдерге білім мен қабілеттерін шыңдауға көмектесуге мүдделі.

 - Сіздің өзіңіз Лондон қалалық университетің канцлерісіз. Сіздерде қандай мамандықты дайындауға күш салады? 

 - Біздегі жоғары оқу орындарының барлығында оқуды дамытуға тырысамын. Мен небәрі бір жыл ғана университет канцлері боламын. Бұл барынша танымал бизнес-мектеп. Ол барынша танымал, себебі оның Лондондық Ситимен байланысы бар. Университет қаржы бойынша көптеген курстарды ұсынады, соның ішінде магистратура да бар, бізде оқып жатқан шетелдік студенттер көп. Біз әлеуетті басымдыққа ие салалардағы курстарды ұсынамыз. Мәселен, бізде исламдық қаржыландыру бойынша 28 түрлі курстар бар. Бұл Малайзиядан кейінгі саны жағынан ең көп оқу бағдарламасының бірі. 

 - Қазақстанға сапар барысында сіз исламдық қаржыландыру бойынша халықаралық Қазақстандық конференцияға қатыстыңыз. Уақыт өте келе қарапайым банкингті нарықтан исламдық ығыстырып шығара ма?

 - Бүгінгі таңда исламдық банкингтің нарықтағы пайызы азғантай ғана. Дегенмен ислам банкингінің әлеуеті өте жоғары, біз оның шегін білеміз деп айта алмаймын. Біз осы саланың өсуін қамтамасыз етіп келе жатқан екі негізгі қозғаушы күшті байқаймыз деп ойлаймын. Бірі - оның инфрақұрылымды қаржыландыруға қолайлығы, ал әлемдегі кез-келген ел өзінің инфрақұрылымын дамыту мәселесімен, және оны ұзақ мерзімді қаржыландыру мәселелерімен бетпе-бет келеді. Ислам банкингінің дамуын қамтамасыз ететін екінші негізгі себеп - оның жауапты, этикалық инвестициясының болуы, бұл оның тартымдылығын арттырады, әсіресе 2008 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін.

 - Қарашада сіздің лорд-мэр өкілеттігіңіз аяқталады. Содан соң немен айналысасыз? Сіздің қызметіңіз ислам банкингімен немесе білімді дамытумен байланысты бола ма?

 - Мен бұрынғы жұмысыма қайта оралатын шығармын. Көп нәрсемен айналысуға болады, мәселен электрмен жабдықтау саласындағы реформалармен. Барлығына электрмен жабдықтау саласында барынша дамыған инфрақұрылым керек, барлығына «жасыл», барынша қауіпсіз және барынша тиімді электрмен жабдықтау керек, себебі біз осылайша ғана тарифтерді барынша қолжетімді етеміз. Қазір айналасып жатқан бағдарламаларыма келер болсақ, лорд-мэр қызметінде олар өлмейді, жалғасын табады. Бізде бір мэрден екіншісіне өкілеттігін нақты беру бар. Мәселен, бізде қаржылық қызметтерді реттеу бойынша бағдарлама бар, ал менің мирасқорым - банкир, бағалы қағаздар және инвестициялар бойынша серитификатталған институттың төрағасы. Бізде инфрақұрылымды ұзақ мерзімді инвестициялау бағдарламасы бар. Бұл үрдістердің бәрі жалғасын табады. Ал енді өз өкілеттігімнің мерзімі аяқатлғаннан кейін демалыс алатын шығармын. 

 - Сұхбатыңызға рахмет!

adimage