Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы қатерлі ісік терапиясындағы жаңалықтары үшін Тасуку Хондзе (Жапония) мен Джеймс Эллисонге (АҚШ) берілді, деп хабарлады ТАСС.
«2018 жылы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы теріс иммундық реттеу арқылы қатерлі ісіктің таралуын баяулату терапиясын ойлап тапқан Д. Эллисон мен Т. Хондзеге беріледі», - деп жариялады Стокгольмдағы Каролина институты жанындағы Медицина жөнінегі Нобель компаниясы.
Т.Хондзе 1942 жылы Киотода дүниеге келген, 1988 жылы осы қаладағы университет профессоры болған. Д.Эллисон 1948 жылы АҚШ-та дүниеге келген, қазіргі таңда Хьюстондағы университет профессоры. Ғалымдар қатерлі ісікті иммунды жүйенің тежегіш механизмдерінің әрекетін баяулату арқылы қатерлі ісікті емдеу әдісін ойлап тапты.
Физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы қатерлі ісікпен күрестегі жаңалыққа берілді
