FlyArystan 1 мамырдан бастап Алматы-Нұр-Сұлтан әуерейсін жүзеге асыра бастады

Күні: 17:22, 02-04-2019.

Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ – Жаңа әуе тасымалдаушысы FlyArystan Алматыдан Нұр-Сұлтанға билет сатуды бастады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«FlyArystan бүгін Алматыдан Қазақстан елордасына билет сатуды бастады. Нұр-Сұлтанға ұшу 2019 жылдың 1 мамырынан бастап 180 орындық Airbus A320 реактивті ұшағымен жүзеге асырылатын болады. Қазақстандықтар арасындағы танымал бағыт бойынша ұшу тарифінің ең төменгі құны бір бағытқа ғана 6999 теңгеден басталады», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы бағытына бір күнде екі рет ұшырылады.
«Осылайша бір аптадағы ұшырылымның жалпы саны 14-ті құрайды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: