FlyArystan 30 мамырдан бастап Алматыдан Шымкент пен Павлодарға күнделікті әуетасымалын бастайды

Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ – Жаңа әуе тасымалдаушы FlyArystan 30 мамырдан бастап Алматыдан Шымкент пен Павлодарға күнделікті әуетасымалын бастайды, деп хабарлады әуекомпаниясының баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның алғашқы лоукостері FlyArystan Алматыдан Шымкент пен Павлодарға билет сата бастады. Аталмыш бағыттар бойынша толық техникалық тексеріс пен салоны реконфигурациядан өткен, 180 орындық Airbus A320 әуелайнерлері күнделікті қатынайтын болады. (…) Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал мен Қарағандыға қатынайтын рейстер бірінші мамырдан бастап орындала бастаса, көптен күткен Шымкент пен Павлодарға қатынау 30 мамырда басталады. Оларға билет сату ағымдағы жылдың 29 наурызынан басталды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Алматыдан Шымкентке дейін жол жүру ұзақтығы - 1 сағат 20 минут. Павлодарға – 1 сағат 50 минут.
Шымкентке ұшу бағасы бір бағытқа Т4999, Павлодарға – Т6999, әуежай алымдарымен қоса.
«FlyArystan барша жолаушыларға тариф ережелерімен мұқият танысып, толық ақпаратты ресми сайттан алуға кеңес береді», - делінген хабарда.

adimage