FlyArystan лоукостерінің Орал-Алматы ұшағының қозғалтқышы істен шықты

Күні: 18:36, 30-07-2019.

Алматы. 30 шілде. ҚазТАГ – FlyArystan лоукостерінің Орал-Алматы ұшағының қозғалтқышы істен шықты, деп хабарлады «Мой город».
«Орал–Алматы ұшағының қозғалтқышы істен шықты. FlyArystan компаниясының ұшағы оралдық әуежайдан Алматыға бүгін 30 шілдеде сағат 1,15-те ұшып шығу керек болатын. Алайда рейс ұшпай қалды. Ұшақ жолаушылары рейсті себепсіз бірнеше рет кейінге шегергендерін жеткізді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Жолаушылардың айтуынша, ұшу бірнеше рет кейінге шегерілген.
«Барлығымызға рейстің бір сағатқа кейінге шегерілетіні туралы хабарлады, сосын тағы да рейстің жарты сағатқа кешігетіні айтылды, сосын мүлде ұшақтың ұшпайтыны туралы айтты. Бізге тіпті ұшқыш шыққан жоқ, тек стюардессалар ғана ашулы азаматтарды тыныштандыруға тырысты. Мен соның кесірінен сотқа кешігіп қалдым. Енді біреулері отаға бара алмай қалды. Алматы арқылы демалуға бара жатқандар да бар. Оның үстіне басқа қалада тұратындар да бар, оларға қонақ үйден орын да бергілері келген жоқ. Билетті қайтару туралы мүлде ештеме айтпай-ақ қояйын. Ақша қайтаруды талап еткенімізде бізге қай жерден сатып алсаңыздар сол жерге барыңыздар деді. Біздегі сервис, әрине, жақсы болса екен де тілейміз», - деді Марат есімді жолаушы.
Соңғы ақпар бойынша ұшақ 14.00-де ұшу керек болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: