Франция президенті Қазақстанға 5-6 желтоқсанда келеді

Күні: 10:30, 29-10-2014.

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Франция президенті Франсуа Олланд Қазақстанға 2014 жылғы 5-6 желтоқсанда келеді, деп хабарлады Trend.
«Франция президенті Астанаға ҚР президентінің шақыртуымен келеді», - деді Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьен.
Ол бұрындары екі ел арасында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылғанын, және ол екі ел президенттерінің кездесуіне негіз болып табылатынын еске салды.
«Желтоқсанның басында Астанада қазақстан-француз үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы болады, оның барысында біздің елдердің арасындағы ынтымақтастық келешегі талқыланады», - деді Ф.Этьен.
Оның айтуынша, үкіметаралық комиссия отырысына қатысу үшін француздардың 40-тан астам компания өкілдері келеді.
«Алдағы кездесуде негізгі назар өндіру ғана емес, өңдеу өнеркәсібі саласына салынады деп жопарлануда.  Сонымен қатар назар технология трансфертіне салынады», - деді елші.
Сондай-ақ Ф.Этьен, Франция президентінің сапары барысында Астана маңында француздардың қолдауымен салынған күн батареяларын шығаратын жаңа кәсіпорынға бару жоспарлануда екенін атап кетті.


Жаңалықтармен бөлісу: