Франция президенті желтоқсан айында Қазастанға сапармен келеді

Күні: 11:28, 17-10-2014.

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Франция президенті   Франсуа Олланд желтоқсан айының басында Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлады Францияның халықаралық даму және шетел істері министрлігі жанындағы шетелдегі француз азаматтырының ісі және туризмді алға жылжыту, сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы   Матиас Фекл.
«Бұл комиссия (қазақстандық-француздық үкіметаралық - ҚазТАГ) біздің серіктестігімізді реттеуге мүмкіндік береді және желтоқсан айының басындағы президент Франсуа Олландтың Қазақстанға сапары қарсаңында ерекше үлесін қосады. Бұл Францияның көптеген кәсіпорындарына пікір алмасуға мүмкіндік береді», - деді ол жұмада экономикалық серіктестік бойынша қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының он бірінші отырысы барысында.  


Жаңалықтармен бөлісу: